Сайранбаев Дархан Сергазиевич

«6D060500 – Ядролық физика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Сайранбаев Дархан Сергазиевичтің «Бүйір бериллий шағылдырышпен ВВР-К зерттеу реакторының белсенді аймағының нейтрон-физикалық сипаттамаларын зерттеу» диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің теориялық және ядролық физика кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Скаков Мажын Канапинович – физика-математика ғылымдарының докторы, физика және технология кафедрасының профессоры, C. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, (Өскемен қ., Қазақстан). Мамандығы 01.04.07 – Физика;

2. Иркимбеков Руслан Александрович – философия докторы (PhD), сәулелендіргіш құрылғылардың жылу-физикалық және нейтрондық-физикалық сипаттамаларын зерттеу зертханасының бастығы, ҚР ҰЯО РМК Атом энергиясы институты (Курчатов қ., Қазақстан). Мамандығы 6D060400 – Физика.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Кенжин Ергазы Асиевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, жобалар менеджері, Ядролық технологиялар қауіпсіздігінің ғылыми-техникалық орталығы (Алматы қ., Қазақстан);

2. Цучия Кунихико – техникалық ғылым докторы, материалдарды сынауға арналған жапон реакторының директоры, Оарайды зерттеу және дамыту институты, Жапонияның атом энергиясы жөніндегі агенттігі (Оарай қ., Жапония).    

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1.Нестеров Евгений Александрович – техника ғылымдарының кандидаты, ядролық реактордың №31 зертханасының меңгерушісі, Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей);

2.Шлимас Дмитрий Игорьевич – философия докторы (PhD), ядролық физика, жаңа материалдар және технологиялар халықаралық кафедрасының оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан);

3.Керимкулов Жамбул Куанышбекович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының профессоры, Сәтбаев университеті (Алматы қ., Қазақстан);

4.Садыков Бахтияр Маденович – физика-математика ғылымдарының кандидаты, робототехника және автоматиканың техникалық құралдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Сәтбаев университеті (Алматы қ., Қазақстан);

5.Жуков Валерий Витальевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, "Тянь-Шань биік таулы ғылыми станциясы" филиалының директоры, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ғылым академиясының П. Н. Лебедев атындағы физика институты (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 22 маусымы, сағат 13.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060400 (8D05306) – Физика», «6D060500 (8D05308) – Ядролық физика», «6D072300 (8D05303) –Техникалық физика», «6D061100 (8D05307) – Физика және астрономия», «6D071900 (8D06201) – Радиотехника, электроника және телекоммуникации», «6D071000 (8D07110) – Материалтану және жаңа материалдар жасау технологиясы», «6D071700 (8D07106) – Жылуэнергетика», «8D01501 – Физика» бағыты, «6D073200 – Техникалық физика» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

 Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/86493396148?pwd=cKIjLflEQu9SyapwobYu_mObqZb3uW.1

 Идентификатор: 864 9339 6148

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  20.05.2022