Умаров Амантур Амангельдыевич

«6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Умаров Амантур Амангельдыевичтың «IoT құрылғылар негізінде шағын жылыжайды ситуациялық интеллектуалды басқару жүйесін құру» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі: орыс.

Ресми рецензенттер:

1. Абдимуратов Жубанышбай Суйнуллаевич – PhD докторы, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байналыс университетінің Электр энергетика және электр техника институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 6D080600;

2. Пак Александр Александрович - техника ғылымдарының кандидаты, ҚР ҰҒА Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының «Үлкен деректерді интеллектуалды талдау» зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы), мамандығы 05.13.18.

Ғылыми жетекшілер:

1. Бельгибаев Бауржан Абдрахимович – техника ғылымдарының докторы, доцент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

2. Гриф Михаил Геннадьевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Новосібір мемлекеттік техникалық университеті (Новосібір қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Савельев Антон Игоревич – техника ғылымдарының кандидаты, Ресей ғылым академиясының Санкт-Петербург Федералды зерттеу орталығының «Автономды роботтехникалық жүйелер» зертханасының меңгерушісі (Санкт-Петербург қ., Ресей);

2. Бакаев Максим Александрович - техника ғылымдарының кандидаты, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің Автоматтандырылған басқару жүйелері кафедрасының доценті (Новосібір қ., Ресей);

3. Ожикенов Касымбек Адильбекович - техника ғылымдарының кандидаты, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Робот техникасы және автоматиканың техникалық құралдары» зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

4. Жасандықызы Марал - PhD докторы, Тұран университетінің Компьютерлік және бағдарламалық инженерия каедрасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);

5. Wójcik Waldemar - техника ғылымдарының докторы, профессор, Люблин техникалық университетінің Электроника кафедрасының меңгерушісі (Люблин қ., Польша);

6. Сапарходжаев Нурбек Пажарбекович – PhD докторы, Қарағанды индустриалды университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар бойынша проректоры (Теміртау қ., Қазақстан Республикасы). 

Қорғау 2022 жылдың маусым айының 16-шы жұлдызында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «6D070200 – Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде аралас офлайн және онлайн формат түрінде өтеді. Мекен жайы: 050040, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, Ақпараттық технологиялар факультеті, диссертациялық кеңес залы (327 аудитория).

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/88991054859?pwd=SlpreEJXUnJHNGZjTWFqUVlENm5JUT09

Конференция идентификаторы: 889 9105 4859

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ 

Жергілікті этикалық комиссияның қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  11.05.2022