Байжанов Саян Саматович

6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Байжанов Саян Саматовичтің «Тәуелді теориялардың моделдерін байыту кезіндегі қасиеттердің сақталуы туралы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР ҰҒА Математика және математикалық моделдеу институтының бірлескен білім беру бағдарламасы шеңберінде орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі - ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Мустафа Манат – PhD докторы, Назарбаев Университетінің математика кафедрасының Ассистент профессоры. Мамандығы: 6D060100 – «Математика». (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан);

2. Құдайбергенов Қанат Жанұзақұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, КИМЭП университетінің профессоры. Мамандығы: 01.01.06 – «Математикалық логика, алгебра және сандар теориясы». (Алматы қ., Қазақстан).

Ғылыми жетекшілер:

1. Кулпешов Бейбут Шайықұлы – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, Математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);

2. Дугалд Макферсон – философия ғылымдарының докторы (PhD), Лидс университетінің құрметті профессоры (Лидс қ., Ұлыбритания).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Степанова Алена Андреевна – физика-математика ғылымдарының докторы, Қиыр Шығыс федералды университетінің профессоры (Владивосток қ., Ресей Федерациясы);

2. Түсіпов Жамалбек Әлиасқарұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Л.Н. Гумилев (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан);

3. Вербовский Виктор Валерьевич - физика-математика ғылымдарының докторы, Сәтбаев университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);

4. Даирбеков Нурлан Слямханович – физика-математика ғылымдарының докторы, Сәтбаев университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдың 3 маусымында сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100, 8D05401 – Математика», «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D070500, 8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде етеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83796844674?pwd=QnpYUjdmaXpWc1NBcU5KRnU3QmFIUT09

Идентификатор: 837 9684 4674

Этикалық комиссия қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  30.04.2022