Сайлаубекқызы Әлия

«6D020600 – Дінтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Сайлаубекқызы Әлияның «Қазақстанда діни идентификацияны қалыптастыру үрдістері: дінтанулық талдау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Затов Қайрат Айтбекұлы – философия ғылымдарының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің дінтану кафедрасының профессоры. Мамандығы 24.00.01 – мәдениет теориясы мен тарихы.

2. Байдаров Еркін Ұланұлы – философия ғылымдарының кандидаты, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры (РЖҒА), Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті. Мамандығы: 09.00.11 - әлеуметтік философия.

Ғылыми жетекшілер:

1. Нысанбаев Әбдімәлік Нысанбайұлы – ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

2. Джон Махоней – PhD, Канзас мемлекеттік университетінің профессоры (Манхэттен қ., АҚШ).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Бадмаев Валерий Николаевич – философия ғылымдарының докторы, Қалмақ мемлекеттік университеті, философия және мәдениеттану кафедрасының меңгеруішісі, Ресей (Элиста қ., Қалмақ Республикасы).

2. Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы – философия ғылымдарының докторы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің философия және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры, (Қарағанды қ., Қазақстан).

3. Бектенова Мадина Кенесарықызы – философия доктора (PhD), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты қоғамдық-саяси зерттеулер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, (Нұр-Сұлтан қ, Қазақстан).

4. Қабиденова Жұлдыз Дүйсенбайқызы – философия докторы (PhD), Toraighyrov University Қазақстан тарихы кафедрасының доценті (Павлодар, Қазақстан).

5. Тутинова Нұргүл Ерқанатқызы – философия докторы (PhD), Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және қоғамдық-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды, Қазақстан).

Қорғау 2022 жылдыц 29 сәуірдің сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D020600, 8D02203 – Дінтану, 6D021500, 8D02204 – Исламтану, 6D020400, 8D03102 – Мәдениеттану, 6D020100, 8D02202 – Философия» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде етеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81476784310?pwd=NnhnaGV2bVNvTEpURWlaTEZ2Sk9JUT09

Идентификатор: 814 7678 4310

Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ 

Жергілікті этикалық комиссияның қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  25.03.2022