Кайыров Рустем Айбекович
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Кайыров Рустем Айбековичтің «Жаңа трипод түрдегі 3-PRRS параллель манипулятордың кинематикалық талдауы» тақырыбындағы диссертациясын қорғауы туралы хабарлама.
Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің механика кафедрасында орындалған.
Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .
Қорғау тілі - қазақ тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Шинтемиров Алмас Максимович – техника ғылымдарының кандидаты, PhD Ливерпуль университеті, Ұлыбритания, Электрлік және компьютерлік инженерия кафедрасының меңгерушісінің м.а., Назарбаев Университетінің Робототехника және мехатроника кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 05.09.03 – Электротехникалық кешендер мен жүйелер, электротехника және электроника саласындағы PhD докторы (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
2. Абдраимов Эмиль Самудинович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Машина жасау және автоматика институтының С.Абдраимов атындағы зертхана меңгерушісі. Мамандығы: 05.02.18 – механизмдер мен машиналар теориясы (Бішкек қ., Қырғызстан).
Ғылыми жетекшілер:
1. Байгунчеков Жумадил Жанабаевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ., Қазақстан).
2. Мед Амин Лариби – PhD докторы, іргелі және қолданбалы ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры, Pprime институты, Пуатье университеті, (Пуатье қ., Франция).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Глазунов Виктор Аркадьевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекеме, Ресей ғылым академиясының А.А. Благонравов атындағы Машина жасау институтының директоры (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
2. Ожикенов Қасымбек Әділбекұлы – техника ғылымдарының кандидаты, профессор, «Робототехника және автоматтандырудың техникалық құралдары» кафедрасының меңгерушісі, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ (Алматы қ., Қазақстан).
3. Сейдахмет Асқар Жүнісұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қолданбалы механика және инженерлік графика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ.
4. Ешмұхаметов Азамат Нұрланұлы – PhD докторы, Назарбаев Университетінің ISSAI және ARMS зертханасының постдокторанты (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан).
Қорғау 2022 жылдың 8 сәуірінде сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100, 8D05401 – Математика», «6D060300, 8D05403 – Механика», «6D070500, 8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу», «6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде етеді.
Zoom конференциясына қосылу:
https://us02web.zoom.us/j/82833030181?pwd=ZXVkbld6cWIxNGRqSXBFNk53Zk5mQT09
Идентификатор: 828 3303 0181
Тікелей трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/channel/UCyR2_KAKMfZX2-XOHmkyxLQ
Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық