Бахадур Асқар Мұхтарұлы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Бахадур Асқар Мұхтарұлының «Ерітінді-балқымадан функционалды халькогенидті кристалдарды алу» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы туралы хабарлама.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Уразов Кажмухан Аманкелдиевич - Ph докторы, Отын, катализ және электрохимия институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан;

2. Рядун Алексей Андреевич - физика-математика ғылымдарының кандидаты, РҒА Сібір Бөлімінің А.В. Николаев атындағы Бейорганикалық химия институтының аға ғылыми қызметкері, Новосибирск қ., Ресей.

Ғылыми жетекшілер:

1. Уралбеков Булат Муратович - химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры,   Алматы қ., Қазақстан;

2. Кох Константин Александрович - геология-минералогия ғылымдарының кандидаты,   РҒА Сібір Бөлімінің В.С. Соболев атындағы Геология-минералогия институтының аға ғылыми қызметкері, Новосибирск қ., Ресей.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Матей Балаж - Ph докторы, Словак Ғылым Академиясы Геотехника институтының аға ғылыми қызметкері, Кошице қ., Словакия;

2. Шевельков Андрей Владимирович - химия ғылымдарының докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің еңбек сіңірген профессоры, Бейорганикалық химия кафедрасының меңгерушісі, Мәскеу қ., Ресей;

3. Кетегенов Тлек Айтмуханович - химия ғылымдарының докторы, профессор, Жану мәселелері институтының  директоры, Алматы қ., Қазақстан;

4. Козловский Артем Леонидович - Ph докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Астаналық филиалының Қатты дене физикасы лабораториясының меңгерушісі, Нұрсұлтан қ., Қазақстан.

Қорғау 2022 жылдың 2 наурызында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 - Мұнай химиясы; 6D073400, 8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы; 6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83460886687?pwd=RFpobVczVjMyNjlwZ3R1NnFHWXNoZz09

Идентификатор: 834 6088 6687

Жергілікті этикалық комиссияның қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  31.01.2022