Мусапирова Ляззат Архатқызы

«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Мусапирова Ляззат Архатқызының «Үйінділік мыс шлагының гидрометаллургиялық қайта өңдеу технологиясы» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – ағылшын тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Байгенженов Өмірсерік Сабыржанұлы - PhD докторы, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Металлургиялық процестер, жылутехникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Габор Мучи - PhD докторы, Мишкольц университетінің Шикізат дайындау және экологиялық өңдеу институтының профессоры, Инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы, Мишкольц қ., Венгрия.

Ғылыми жетекшілер:

1. Надиров Рашид Казимович - химия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті, Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

2. Матей Балаж - PhD докторы, Словак ғылым академиясының Геотехника институтының аға ғылыми қызметкері, Кошице қ., Словакия.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Қасенов Болат Қоңырұлы - химия ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Әбішев атындағы Химико-металлургиялық институтының Термохимиялық процестер зертханасының меңгерушісі, Қарағанды қ., Қазақстан;

2. Хасан Арсланоглу – Чанаккале Онсекиз Март университетінің Инженерия факультетінің Химиялық инженерия кафедрасы қауымдастырылған профессоры, Чанаккале қ., Түркия;

3. Чепуштанова Татьяна Александровна - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің «Металлургиялық процестер, жылу техникасы және арнайы материалдар технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

4. Колесников Александр Сергеевич – техника ғылымдарының кандидаты, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қауымдастырылған профессоры, Шымкент қ., Қазақстан.

Қорғау 2022 жылдың 16 ақпанында сағат 13:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 - Мұнай химиясы; 6D073400, 8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы; 6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/81791332377?pwd=RmpYQ054NEF1dDdwd3crT3Y0a096Zz09

Конференция идентификаторы: 817 9133 2377

Жергілікті этикалық комиссияның қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  17.01.2022