Куатова Молдир Жангелдиевна

«6D060300 – Механика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Куатова Молдир Жангелдиевнаның «Стефенсон II алты тірек тұтқыш механизмінде негізделген қосиінді баспақты әзірлеу және модельдеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университеті мен Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бірлескен білім беру бағдарламасы аясында орындалды.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс.

Қорғау тілі – орыс тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Алматы технологиялық университетінің бірінші проректоры. Мамандығы: 05.02.18 – механизмдер мен машиналар теориясы.

2. Абдраимов Эмиль Самудинович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Машина жасау және автоматика институтының зертхана меңгерушісі. Мамандығы: 05.02.18 – механизмдер мен машиналар теориясы.

Ғылыми жетекшілер:

1. Жомартов Асылбек Әбдіразақұлы – техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰИА, корреспондент-мүшесі, академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының зертхана меңгерушісі (Алматы, Қазақстан);

2. Халижоулы Режеп – PhD, ассоц. профессор, Түрік машиналар теориясы қауымдастығының мүшесі (Газиантеп, Түркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Пановко Григорий Яковлевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Н.Е.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің қолданбалы механика кафедрасының филиалының меңгерушісі. (Мәскеу, Ресей)

2. Синчев Бақытгерей Құспанұлы – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің профессоры (Алматы, Қазақстан).

3. Балбаев Ғани Құдайбергенұлы – PhD докторы, доцент, Логистика және көлік академиясының ғылым және ынтымақтастық жөніндегі проректоры (Алматы, Қазақстан).

4. Уалиев Заир Гахипович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатика» институт директорының орынбасары (Алматы, Қазақстан).

Қорғау онлайн режимінде 2022 жылдың 21 қаңтарында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D060100, 8D05401 - Математика, 6D060300, 8D05403 – Механика, 6D070500, 8D06104 – Математикалық және компьютерлік модельдеу, 6D074600, 8D07111 – Ғарыштық техника және технологиялар» мамандықтар тобы бойынша диссертациялық кеңесте өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/87466420232?pwd=WEY0a25YT05vMUtIelkremE0TlNVdz09

Идентификатор: 874 6642 0232

Жергілікті Этикалық комиссияның қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру туралы бұйрық

Басылым күні :  20.12.2021