Абжалов Рамшад Садыкович

«6D072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Абжалов Рамшад Садыковичтің «Фотохимиялық процестерді қолдану арқылы химиялық қаптамалар технологиясын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны - диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1. Баешов Әбдуәлі Баешович - химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының электрохимиялық технологиялар зертханасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан;

2. Авчукир Хайса, PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан.

Fылыми кеңесшілер:

1. Сатаев Малик Сывамбаевич - техника ғылымдарының докторы, М. Әуезов атындағы ОҚУ Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының профессоры, Шымкент қ., Қазақстан;

2. Қошқарбаева Шайзада Тортаевна - техника ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы ОҚУ Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының доценті, Шымкент қ., Қазақстан.

3. Эркаев Актам Улашевич – техника ғылымдарының докторы, Ташкент химия-технологиялық институтының Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы кафедрасының профессоры, Ташкент қ., Өзбекстан.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Еркасов Рахметулла Шарапиденович - химия ғылымдарының докторы, Л.Н.      Гумилев атындағы ЕҰУ химия кафедрасының профессоры, Нұрсұлтан қ., Қазақстан;

2. Козловский Артем Леонидович - PhD докторы, қауымдастырылған профессор, ҚР ЭМ Ядролық физика институты Астана филиалының қатты денелер физикасы зертханасының меңгерушісі, Нұрсұлтан қ., Қазақстан;

3. Таусарова Бижамал Раимовна - химия ғылымдарының докторы, Алматы технологиялық университеті «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан;

4. Татыкаев Батухан Бұрханович - PhD докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының аға оқытушысы, Алматы қ., Қазақстан.

Қорғау 2021 жылдың 29 желтоқсанында сағат 14:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы 6D060600, 8D05301 – Химия; 6D073900, 8D07101 - Мұнай химиясы; 6D073400, 8D07103 – Жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы; 6D072000, 8D07104 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072100, 8D07105 - Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандық топтары бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу:

https://us02web.zoom.us/j/83321392379?pwd=eThpNWdlMkUyVlVmQS9PYkdnbmNZQT09

Идентификатор: 833 2139 2379

 

Жергілікті этикалық комиссияның қорытындысы

Диссертациялық кеңестің шешімі

Басылым күні :  25.11.2021