Таджиев Хамидулла Хабибуллаевич

«6D021200 – Түркітану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Таджиев Хамидулла Хабибуллаұлының «Қазақ және өзбек әдебиеттерінде діни-ағартушылық идеялардың көркем бейнеленуі (ХІХ ғасыр - ХХ ғасыр басы)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.

Диссертация әл-Фараби атындағы Казақ ұлттық университетінің түрксой кафедрасында орындалған.

Қорғау нысаны – диссертациялық жұмыс .

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

1.  Сүтжанов Сейфитден – филология ғылымдарының докторы, Павлодар педагогикалық университетінің профессоры. Мамандығы: 10.01.02 – әдебиет тарихы.

2. Әбдіғаппарова Жанар Жақсыбекқызы – филология ғылымдарының кандидаты,

Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану кафедрасының ассистент профессоры. Мамандығы: 10.01.02 – әдебиет тарихы.

 Fылыми жетекшілер:

1. Қыдыр Төрәлі Еділбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор. ҚР БҒМ ҒК М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Қолжазба және фольклортану ғылыми-инновациялық орталығының директоры. (Алматы, Қазақстан)

2. Хасанов Нодирхон Дадаханұлы – филология ғылымдарының докторы, Карабук университетінің профессоры. (Карабук, Түркия)

 Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Шәріп Амантай Жарылқасынұлы – филология ғылымдарының докторы, Л.Гумилев атындағы ЕНУ, Түркология кафедрасының профессоры;

2. Тебегенов Темірхан Сақаұлы – филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры;

3. Енвер Капаган (Enver Kapagan) – философия ғылымдарының докторы (PhD), Болу Иззет Байсал университетінің доценті;

4. Балтабаева Гауһар Саяділқызы – филология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы;

5. Рафиддинов Сайфиддин Рафиддинұлы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Өзбекстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы, Өзбек тілі мен әдебиеті және фольклоры институтының аға ғылыми қызметкері.

 Қорғау 2021 жылдың 27 қазанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «6D021200 - Түркітану» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде онлайн түрде өтеді.

Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/84901077707?pwd=UTBrMG5HWVdjaWhsR1VYMFFOTXFOdz09

Идентификатор: 849 0107 7707

 

Жергілікті Этикалық комиссиясының қорытындысы

Философия докторы дәрежесін беру тіралы бұйрық

Басылым күні :  24.09.2021