Жаналыктар

«Медиа-ұйымдардың имиджі».

29.01.2020

Шеберлік сағаты. «Медиа-ұйымдардың имиджі». Қазақстан Ұлттық телерадиотаратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Ш.Жақсыбаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетiның «Қоғаммен байланыс» мамандығының 3 курс студенттерімен кездесті.

Ары қарай оқу >>

Жастар мен ұлттық қауіпсіздік арасындағы БАҚ және ақпараттық сауаттылық

28.11.2019

«Қазақ университеті» баспасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары Л.С.Ахметова, А.В.Веревкин, Т.Ю.Лифанованың «Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жастар арасында медиа және ақпараттық сауаттылық» кітабы шығарылды. Басылым бірінші кезекте еліміздің жас ұрпағы үшін, мұғалімдер, журналистер, баспасөз қызмет жұмысшыларына, гуманитарлық ғылымдар саласындағы студенттер мен магистранттар, ғалымдарға арналған.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан жоғары оқу орындары мен бұқаралық ақпарат құралдары журналистикадағы гендерлік көзқарасты қолдайды

28.11.2019

Гендерлік теңдік қағидаттары Қазақстанда белсенді түрде жүзеге асырылуда. Әл-ФарабиҚазҰУ-дың журналистика және коммуникациялар бойынша ЮНЕСКО кафедрасы ЮНЕСКО-ның коммуникацияларды  дамыту Халықаралық бағдарламасы мен және Біріккен Ұлттар Ұйымының «БҰҰ-Әйелдер» Құрылымымен бірлесе отырып журналистердің, баспасөз қызметі қызметкерлерінің және жаңа медиа пайдаланушылардың гендерлік тұрақтылықты қолдау саласындағы құзыреттілігін арттыруға бағытталған кешенді міндеттерді орындап келеді.

Ары қарай оқу >>

Познаньдағы жылы жүзді кездеcулер

25.11.2019

Үстіміздегі жылдың шілде айының орта тұсында кафедра оқытушылары Польша Республикасының Познань қаласында болды. Олар Еуропаның белді жоғары оқу орындарының бірі Адам Мицкевич атындағы университеттің құрылғанына 100 жыл толуына арналған мерекелік шараларға қатысты. Делегацияны университеттің проректоры, саясаттану ғылымының докторы, профессор Тадекуш Валлас қабылдады. Саяси ғылымдар және журналистика факультетінде студенттермен және оқытушылармен кездесулер болды. Біз факультет деканы, саясаттану ғылымының докторы, профессор Анджей Стельмахпен сөйлескен едік:

Ары қарай оқу >>

Ашық дәріс

14.11.2019

Ашық дәріс. «Өндіріс» пәні. 4 курс «Қоғаммен байланыс». Оқытушы ф.ғ.к., доц. Тлепбергенова А.А.

Дәріс. Әлеуметтік-мәдени жобалардың негізгі түрлері. Әлеуметтік-мәдени жобаларды қаржыландыру ерекшеліктері.

Дәріс жоспары:

1. Әлеуметтік-мәдени дизайнның негізгі түсініктері.

2. Әлеуметтік бағытталған жобаларды дамыту мысалында әлеуметтік-мәдени жобаларды дамыту технологиялары.

3. Әлеуметтік-мәдени жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру.

Ары қарай оқу >>

Тұрақты даму журналистикасы — дуалды оқыту жүйесін талап етеді

12.11.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық журналистиканы оқыту модельдері» тақырыбымен өткізілген халықаралық конференцияда БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар мен ғалымдар отандық және әлемдік журналистиканың даму үрдістерін және таяу болашағын талқылады.

Ары қарай оқу >>