ІІ Халықаралық жазғы мектебі

Құрметті БАҚ өкілдері,оқытушылар, студенттер!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы, Қоғаммен байланыс және PR баспасөз орталықтары кадрларының біліктіліктерін арттыру және сертификаттау орталығы Алматы қ. ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының қолдауымен 2017 жылдың 2-4 маусым аралығында «Медиа және PR-коммуникациялар: тұрақты даму стратегиясы» атты ІІ Халықаралық жазғы мектебін өткізеді.

ІІ Халықаралық жазғы мектеп қатысушылары Public Relations және журналистикадағы заманауи технологиялар мен инновациялық әдістерді қолдануда жаңа білімге қол жеткізеді, тәжірибелік біліктілігін арттырады, дағдарыстық және даулы жағдайларды басқаруды үйренеді, PR -ды оқытудағы құзыреттілік тәсілдің түрлері және әдістерімен танысады.    

Жазғы мектеп бағдарламасында дәрістер, кейстердің шешімдері, жеке және топтық тәжірибелік сабақтар, презентациялар, танысқан материалдар негізінде талқылаулар, жобаларды сыни талқылау, кең ауқымды заманауи PR-технологиялар бойынша жеке ақыл-кеңес беру, коммуникациялар және PR, медиа-контент жасау, абырой-беделді басқару, копирайтинг және digital PR, желілік коммуникациялардың және отандық БАҚ тұрақты дамуының мүмкіндіктері қамтылған.

Сабақтарды коммуникация және PR саласының сарапшылары және медиа-тренерлер, жетекші БАҚ бас редакторлары және тәжірибелі журналистер, шетелдік және отандық профессорлар жүргізеді:

«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Жұмабек Кенжалин; Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректорының кеңесшісі Ғалия Ибраева; Коммуникациялар бойынша АФК Басқарушы директоры Қуат Домбай; Angel-In-Us кофейня желілерінің Бас директоры және PR-менеджері Әлішер Елікбаев; продюсер, тележүргізуші, актриса Салтанат Қалиева; Alma-TV жарнама және PR директоры Әділбек Махмед; «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Президенті Нәзия Жоямергенқызы; «Мінбер» Журналистерді қолдау орталығының Президенті Есенгүл Кәпқызы; «Әділ сөз» Сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғалия Аженова; «KaspiBank» АҚ баспасөз хатшысы Ербол Азанбек; «Заң» газетінің бас редакторы Бекжан Әшірбаев; «Ұлан» газетінің бас редакторы Жұлдыз Әбділда; «Гүлстан» журналының  PR менеджері Бәтима Қабдолданова; ҚР Мәдениет қайраткері, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті Ерлан Ақшалов; «Manifestum» агенттігінің PR-жобалар менеджері Лидия Стоялова; «Kcell» АҚ PR маманы Салтанат Бердіқұлова; Alma-TV PR менеджері Алина Абилева; «AstanaBanki» PR менеджері Әлия Боранбаева; «Алматы даму Орталығы» АҚ қоғаммен байланыс маманы Айсәуле Садирова;Zero To One Lads  студиясының маркетинг жөніндегі менеджері Марат Шакен; «Давай сходим» жобасының негізін қалаушы Әлішер Тойгулиев; «Эйр Астана» әуекомпаниясының корпоративтік коммуникациялар департаментінің маманы Нәзира Қайымова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Елена Дудинова; әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Александр Рожков. 

Мектепті бітіргеннен кейін сертификаттар және Алматының редакциялары мен пиар-агенттіктерінде тағылымдамадан өтуге ұсынымдар беру қарастырылған.
 
Өтетін мерзімі: 2-4 маусым, 2017 жыл.

Өтетін орны: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Әл-Фараби атыңдығы кітапханасы.

Басталуы: 2 маусым, сағ. 10.00, 409 аудитория, 4 қабат.

Байланыс телефондары: 8(727) 3773443; 8(727) 2211344; 8 701 993 90 07