Ғылыми бағыттар

Кафедра жұмысын әрі қарай жетілдіру бағытында атқарылатын шаралар:
- ОРБИКОМ-ның жыл сайынғы конференцияларына қатысу;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО, ОРБИКОМ сияқты халықаралық ұйымдар арасындағы имиджін нығайту бойынша мақсатты шаралар жүргізу;
- “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында бұқаралық коммуникация және журналистика саласын зерттеу бойынша жобалар жасап, байқауларға қатысу;
- Білім және ғылым министрлігінің ғылым Комитетінің жыл сайынғы байқауларына Қазақстандағы БАҚ қызметі туралы жобаларды ұсыну;
- ЮНЕСКО-ның Алматы бюросының жұмысына қатысу.

-Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде Қазақстанның жоғары білім беру мекемелерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша оқыту семинары өтті. Интернет арқылы оқытуды дамыту жөніндегі Жоба ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы Қазақстан, Қырғызсатн, Тәжікстан мен Өзбексан бойынша Кластерлік бюросының бастамасымен орындалды. Жоба аясында “Публицистика өнері”, “Қазіргі заманғы шетелдік журналистика” және “Тележурналистика” мамандықтары бойынша электронды курстар жасалды.