«Медиа-ұйымдардың имиджі».

29.01.2020

Көрулер: 1707

Шеберлік сағаты «Медиа-ұйымдардың имиджі». Қазақстан Ұлттық телерадиотаратушылар қауымдастығының атқарушы директоры Ш.Жақсыбаева әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетiның «Қоғаммен байланыс» мамандығының 3 курс студенттерімен кездесті.

Ол шеберлік сабағын цифрлық форматқа көшу жағдайында отандық электронды БАҚ даму ерекшеліктері туралы әңгімеден бастады. Белсенді талқылау барысында «Қазтелерадио» АҚ жұмысы, жеке Қазақстандық, ұлттық және аймақтық телеарналардың аналогтан цифрлық таратуға көшуі туралы әңгіме болды. Сабақтың соңында студенттер НАТ Қазақстанның имидждік оқиғалары туралы өздерін қызықтыратын сұрақтарға сауатты жауап алды.