Біз біргеміз! 2-топ

Әлемде болып жатқан карантин кезінде әр адам өз жеке басының тазалығын сақтаса бұл індеттен оңай құтыламыз. Ол үшін адамдар көп жиналатын жерге бармай, үнемі бетпердемен жүріп, қолды жиі жуып тұруды ұмытпауымыз керек. Осы орайда ЖОО-ға дейінгі дайындық факультетінің Ауған Ислам Республикасынан келген 2-топ тыңдаушыларының түсірген қысқа ролигін facebook парақшасынан тамашаласаңыздар болады. Топ кураторы аға оқытушы Ж.Б.Саткенова #бірбіргеміз

Басылым күні :  26.05.2020