Білім саласында онлайн оқыту - уақыт талабы

Қазіргі кездегі барлық әлемді жайлаған індетке байланысты жәнеде қалыптасқан жағдайдың күрделенуіне орай қашықтықтан оқытуды одан әрі жетілдіре түсу, барлық білім беретін салалар үшін өте қажет үрдіс болып отыр. Осы төтенше жағдайға Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамыда дайындықтарын бастап кетті. Факультеттегі білім алып жатқан қазақ диаспора өкілдері мен шетел тыңдаушылары толық онлайн сабақ оқу кестесіне көшірілді. Жалпы сабақтар ZOOM конференциясының сілтемесі бойынша, электрондық почта, уатцап желісімен өткізіліп, тапсырмалар жүйелі түрде берілуде. Силлабустағы жоспармен дәріс толық қамтамасыз етілуде. Тыңдаушылардың кесте бойынша онлайн сабаққа уақытында қатысуы қатаң тексеріліп, үй тапсырмасын берілген мерзімге дейін орындап жіберулерін қадағалап, универ жүйесіне қорытынды баллдары қойылады. Қашықтықтан оқытудың, дәстүрлі оқытудан артықшылықтарын айта кетсек, бұл оқыту ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерде, үйден шықпай, оқу орнына бармай, компьютер экранының алдында жұмыс жасап, ұстаздарынан кеңес алуға өте тиімді, бірақ интернетке қосылу мүмкінідігі жоғары жағдайда болса ғана. Көп шәкірттеріміздің шалғай ауылдарға кеткеніне байланысты, интернет жүйесінің жылдамдығының нашарлығы, қиындықтарды туғызуда. Дегенмен де оқытушылар мен тыңдаушылар бұл тығырықтан шығып, әлеуметтік желілердегі тиімді жақтарында қарастырып сабақтар үздіксіз өткізілуде. Сонымен бірге жылдық жоспар бойынша топттен өткізілетін тәрбие сағаттары, студенттердің халықаралық ғылыми конференциялары да жоғарғы деңгейде өтті. Бұл деген сөз, қоғамымызда болып жатқан жағдайды ескере отырып, техниканы толық меңгеріп инфокоммуникациялық әрекетке негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың жаңа сатысына бейімделу болып табылады. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық бар саласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының өріс алуына байланысты, Жоғарғы оқу орындарында онлайн оқыту үрдісін кеңінен енгізу заман талабы екені даусыз. «Біз біргеміз-Берік іргеміз» талай қиыншылықты ұйымшылдықпен жеңгенбіз -деген ұранмен, Алла Қазақ еліне, жеріне жар болсын дейміз.

 

ЖОО дейінгі кафедраның аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Сандықбаева Ө.Д.

Басылым күні :  21.04.2020