Технология кезеңі

Әлемді шарпыған індеттің пандемия сипатына ие болуына байланысты еліміздегі білім беру саласы бірауыздан қашықтықтан оқытуға көшті. Осы кезекте, Мутанов Ғалымқайыр Мұтанұлы бастаған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы да алғашқылардың бірі болып қашықтықтан оқытуды қолға алған еді. Университетіміздің шет елдермен байланысын нығайтуға негізделген ЖОО дейінгі білім беру факультетінің деканы Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы басшылығындағы оқытушылар қауымы өзіне жүктелген міндетін қалытқысыз орындау үшін барлық күш-жігерлерін салуда. Аталған факультеттің оқытушысы ретінде қашықтықтан оқу үдерісінің үздіксіз, жоғары деңгейде жүргізіліп жатқанын сеніммен айтқымыз келеді. Біздің тыңдаушыларымыз шетел азаматтары болып табылатындықтан, оларға қашықтықтан оқу материалдарын тыңғылықты әрі түсінікті етіп жеткізу қажет. Қазіргі уақыттағы технологиялық жетістіктердің бұл сұрақты шешуде ерекше маңызға ие екендігі белгілі. Заманауи техникалар мен компьютерлік бағдарламалар, мобильдік қосымшалар арқылы әлеуметтік желіні пайдалана отырып, бұл мәселелерді шешу өз жемісін беруде. Атап айтар болсақ, Mail электронды почта, ҚазҰУ-нің универ жүйесі, WatsApp, Zoominstaller қосымшаларында тыңдаушылармен кері байланыс орнатылды. Оларға осы аталған әлеуметтік қосымшаларда сабақтар онлайын жағдайда түсіндіріліп, тапсырмалар беріледі, тыңдаушылар тарапынан орындалған тапсырмалар қабылданып алынады, тексеріледі және баға қойылады. ЖОО дейінгі дайындық кафедрасында қашықтықтан оқытумен қоса тәрбие ісі де қалыс қалмай, кураторлық сағаттар, тәрбие сағаттары, жыл сайын өткізілетін студенттер мен жас ғалымдардың «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» атты халықаралық ғылыми конференциясы да онлайын түрінде өткізіліп отыр.

Қашықтықтан оқыту жүйесі қазіргі таңдағы заман талабы, себебі техникасы дамыған, ақпараттандырылған қоғамда және бүгінгі күнгі сын сағаттарда, сабақты қашықтықтан оқытуға ешқандай кедергі жоқ деп есептейміз.

ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының

оқытушысы Аширбекова Қарлығаш Сағитқызы

Басылым күні :  21.04.2020