Қашықтықтан оқыту

Бүгінгі жыл, бүгінгі күн, дәл бүгінгі уақыт баршамыздың көңілімізге сөзсіз қаяу түсіріп отыр. Жаһандану заманы  ХХІ ғасырдың жаралы індеті ойымызды сан алыстырды. бірақ біз мойымаймыз. Тұңғыш елбасымыз айтқандай, біз "Бірлігі жарасқан Қазақстан" атты қайсар мемлекетпіз. Біз берге әрбір қиын баспалдақтардан сүрінбей өтіп, жол табамыз. Бүгінгі күні індетке қарамастан, "Онлайн" білім жобасын жүзеге асырып, үлесімізді қосып, ел баласын елеулі азамат ету - біздің міндет. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті білім ордасының ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы ретінде осындай мүмкіндік бергендеріңізге алғыс білдіремін. Болашақта өз білімдерін шыңдап, біздің университетіміздің студенті атануды армандайтын менің өзге ұлт тыңдаушыларыма бұл үлкен мүмкіндік. Індетке қарамастан аялдап қалмай, ары қарай жасыл түсті бағдаршам түсін жағып қойып, білім, ілім, ғылым жолының белестерін бағындыруға деген шексіз мүмкіндік. Бұл қашықтықтан оқыту жүйесі - алдағы дамудың жаңа ұстанымы. "Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман" - демекші. Мүмкіндік жасалып отырғанда, білімнен қашықтамай, қашықтынтан оқуға асығайық құрметті ұстаздар мен тыңдаушылар.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушысы Жәнеділ Ақбота Асхатқызы 

Басылым күні :  18.04.2020