Біз біргеміз!

    Елдегі төтенше жағдайға байланысты 16 наурыздан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ЖОО - ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасында қашықтықтан оқыту режиміне көшті.
   ЖОО - ға дейінгі дайындық кафедрасында шетелдік азаматтар мен қазақ диаспорасының азаматтары білім алуда және де карантин алдында елдеріне кеткен шетелдік тыңдаушыларымыз да интернет арқылы оқуларын жалғастыруда.  

Тыңдаушыларға «Zoom» платформасында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде онлайн-дәрістер өткізілуде, сонымен қатар, сабақтарды өткізу үшін UNIVER ақпараттық-бағдарламалық кешені қолданылып жатыр.

Кафедра меңгерушісі М.Сейдахметұлының басқаруымен, төтенше жағдай кезінде,оқу үрдісін ойдағыдай іске асыру мақсатында кафедра оқытушыларымен әлеуметтік желі арқылы тілдесіп, кафедраның оқу-әдістемелік,ғылыми және тәрбие жұмыстарын нақты жолға қоюы -кафедра меңгерушісінің талапшылдығының арқасында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тыңдаушыларымыздың қалауы бойынша  WһatsApp, Zoom жүйесіндегі бағдарламаларды интернет желісінде қолданып, чат тобын құрып, сабақ жүйелі түрде өткізілуде,тыңдаушыларымыз өз бойына терең жауапкершілікті алып, тапсырмаларды тыңғылықты орындауға тырысады. Онлайн сабақтың қиыншылығы WһatsApp, Zoom арқылы конференция сабақтар жүргізгенде интернет желісінің дұрыс ұстамауы, тыңдаушылардың қайта-қайта желіден үзіліп кетуі кедергі келтіреді. Дегенмен соған қарамастан, сабақ беруде заманауи технологиялар мүмкіндігінің арқасында білімдерін жетілуде.

Ұстаздар бекітілген оқу кестесіне сай сабақтарын уақытында өткізіп,кураторлар өз топтарымен интернет желісі арқылы хабарласып отыр.

Халықтың басына түскен қиындықты бірлесе көтеріп ,жеңерімізге көзіміз жетеді.Біз біргеміз!

Аға оқытушы Идрисова Гүлжан Асанқызы!

Басылым күні :  17.04.2020