“Шеттегі қандастардың ана тілін білмеуі – жан жаққа шашыраған ұлттың тағдыры”

Еліміз тәуелсіздік алғалы бері шеттен келген қандастарды қолдау жұмыстарын еш тоқтатқан емес. Тарихи отанына этнкалық қазақтарды шақырудың тағы бір жолы жас ұрпақты Қазақстанда білім алуын қамтамасыз ету. Дәл осы салада көп жылдан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан маманның бірі – тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Мырзабеков Молдахмет Сейдахметұлымен сұқбаттасқан едік. Қандас сутденеттердің бүгінгі жай-күйімен, болашағы хақындағы келелі әңгімемізді назарларыңызға ұсынбақпыз.

– Қайырлы күн, Молдахмет Сейдахметұлы оқырмандарымызға өзіңіз жайлы, бүгінге дейінгі атқарылған жұмысыңыз жайлы айтып өтсеңіз…

–  Жалпы кафедра тарихына келсек, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми Кеңесінің 27.02.2009 жылғы № 4 шешімімен 10.02.2009 жылғы ректордың № 20 бұйрығына сәйкес кафедра өз жұмысын жаңа бағытта бастады. Кафедрада оқу-әдістемелік бюро және эдвайзерлік кеңес жұмыс істейді. Негізгі мақсат – кешенді тестілеуге дайындау. Оқу үдерісінде үш негізгі пән – Оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы, математика сауаттылығы және тыңдаушылардың таңдаған мамандықтарына сәйкес физика, химия, биология, география, жалпы тарих, қазақ әдебиеті, ағылшын және орыс тілі пәндері оқытылады.

–  2001 жылдан бері шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуге дайындап, оларды әлеуметтік ортаға бейімдеу мәселесін жүзеге асырып келген кафедра ұжымы 2010 жылдан бастап Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан және Ауғанстан Республикасының білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде АИР тыңдаушыларына мемлекеттік бағдарлама бойынша білім беруде.

– 2001 жылдан бастап кафедра жұмысы жаңа бағытты – қазақ диаспорасы өкілдеріне шетелден келген қазақ диаспора өкілдеріне арналған дайындық бөлімінің жұмысын міндетіне алды. Бұл Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен шетелде қазақ диаспора өкілдерін атамекенге шақыртып өз елінің азаматы атануына, жоғары оқу орындарында білім алуына зор мүмкіндік берді.

– Қандастармен жұмыс жасап келе жатқаныңызға қанша жыл болды?

–   Мен 2016 жылдан бастап жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасына меңгеруі қызметіне келдім. Сол уақыттан бастап, осы күнге дейін шетелден бірнеше елдерден атап айтар болсам, Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Сауд Арабиясынан қазақ жастары дайындық бөлімінде білім алды.

– Олардың қандай ерекшеліктері немесе кемшіліктері бар?

– Біз шетелдегі қазақтарды айтпай, өзіміздің он төрт облыстағы қазақтарды алып қарасақ та, әр өңірдің қазақтарының өзіндік ерекшелігі бар ғой. Оған қарағанда бұлар әр мемлекеттен, әр – түрлі дәстүрлердің, түрлі саяси жүйенің ықпал етуінде ес жиып ата топыраққа келіп отыр. Сондықтан да олардың бізден аздаған өзгешеліктері бар әрине. Дей тұрғанмен де қазақ қайда болса да қазақ қой. Сол баяғы аққкөңіл, алғыр, ашық жарқын қазақтың ұрпақтары. Кемшілігі дегенде олардан мен бәлендей кемшілік көріп тұрғам жоқ. Тілдік жақтан өзі жасаған елдің тіліне бейімделіп кетуі, немесе таза сол елдің тілінде сөйлеп келуі ол кемшілік емес. Ол біздің жан жаққа шашыраған ұлттың тағдыры. Оны ешқашан кемшілік деп санап кемсітуге болмайды. Біз осы мәселе үшін жұмыс жасауымыз керек. Жылда көріп жүрміз. Жыл соңында бәрі қазақша сөйлеп шығады.

...

https://qandastar.kz/?p=2092

Басылым күні :  14.04.2020