Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы

29.01.2020 күні ҚазҰУ-дың Студенттер сарайында Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы атап өтілді. Мерейтойдың салтанатты ашылу рәсімі және әл-Фараби орталығы – кітапханасының тұсаукесерінен бастау алды. Салтанатты шараға ҚР мемлекеттік хатшысы, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның төрағасы Қ.Е. Көшербаев, Алматы қаласының әкімі Б.Ә. Сағынтаев қатысты. Сонымен қатар, әл-Фарабидің мерейтойлық жылының ашылуында БҰҰ, ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ және басқа да халықаралық ұйымдардың, Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ басшылары, белгілі шетелдік және отандық ғалымдармен қатар, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында әл-Фарабидың өмірбаянына шолу жасау ретінде қойылымдар қойылды, еліміздің атақты әншілері өнер көрсетті.

 

Басылым күні :  29.01.2020