«Кешегі тыңдаушы – бүгінгі студент»

08.12.2019 ж күні аға оқытушы Усенбекова Айнагуль Ермекбаевнаның ұйымдастыруымен 20.00-22.00 уақыт аралығында жатақханада тыңдаушылармен тәрбиелік іс шарасы өтті. Іс-шараға кафедрамыздың 2017-2019 жылғы түлектері - қазіргі студенттер келіп қатысты. Олар - мемлекеттік грантты ұтып алып, еліміздің алдыңғы қатарлы оқу орындары – Қазақ ҰУ, ҚазҰТУ, ҚазҰМУ және СДУ-да оқып жүрген болашақ маман иелері. Студенттер іс-шара барысында қазіргі тыңдаушыларға мотивация беріп, қызықты пікірталас өткізді. Тыңдаушыларымыз да сұрақтарын қойып, белсене ат салысты.

 

Басылым күні :  09.12.2019