«Ұлы халықтың – ұлы Абайы»

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші 2019 жылдың 22-қараша күні кафедрамыздың аға оқытушысы Идрисова Гүлжан Асанқызы және оқытушы Мағаз Ретбектің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты ашық іс-шара, білім сайысы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау. Сайысқа 4 топ тыңдаушылары қатысты, 5 бөлім бойынша өтті:

1-бөлім: «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу)

2-бөлім: ««Қарасөздер» мазмұны» (Абайдың қарасөздерін талдау)

3-бөлім: «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» (сұрақтарға жауап беру)

4-бөлім: Мысал өлеңдерден көрініс

5-бөлім: «Болмасаң да, ұқсап бақ... (ақынға арнау)

5 бөлім бойынша білім сайысына түскен 4 топтан көш бастаған 3-ші топ (Болашақ командасы) мадақтау қағазымен марапатталды.

Басылым күні :  30.11.2019