Кафедрамыздың оқытушысы Ретбек Мағаз қала әкімінің грантына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 90 ақын-жазушыға ақшалай грант табыстады. Марапат иелерінің қатарында еліміздің руханиятына аянбай еңбек етіп жүрген Софы Сматаев, Темірхан Медетбек, Исраил Сапарбай сынды белді тұлғалар бар.

Ақын жазушылардың қайсысының ақшалай грантқа лайықты екенін одақтың өзі шешкен. Бүгін ерең еңбегімен елге танылған ақын-жазушылармен қоса шығармашылық жолды жаңадан бастаған жастар да қомақты грантқа қол жеткізді.

Айта кететіні солардың қатарында кафедрамыздың жас ұстазы, ақын Ретбек Мағаз да әкімнің грантына ие болып, жұрт алқауына бөленді. Біз ұжым атынан Ретбекті құттықтап, алдағы шығармашылығына мол табыс тілейміз.

Зиялы қауым өкілдері қаржылай сияпат көңілдерін бір марқайтып тастағанын айтады. Бұл енді арқаны кеңге салмай, қайта еліміздің мәдениет мен әдебиетін дамытуға белсене атсалысуға шақырады дейді ақын-жазушылар.


Басылым күні :  18.11.2019