Студенттер қатарына қосылды

Қазақ Ұлттық Университетінің жыл сайынғы дәстүрі бойынша 1 курс студенттері ресми түрде қабылданды. «Айналаңды нұрландыр!», «Ар-намыс кодексі», «Саламатты дене мәдениеті» сынды университеттің негізгі жобалары композициялық қойылымдар арқылы 1-курс студенттеріне таныстырылды. Бұл мерекелік шарада студенттер университетіміздің және еліміздің бетке ұстар азаматтары болуына, бәсекеге қабілетті етер, еліміздің болашағын жарқын ететін білікті маман болуға ант етті. Салтанатты шараға университет басшылығы, университеттің танымал түлектері мен құрметті қонақтар, оқытушылар, жастар ұйымдарының белсенділері және спорт шеберлері қатысты. Мерекелік кеш соңы әр факультеттің өкілдері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Басылым күні :  17.11.2019