Әуезов мұражайы

2019 жылдың 30 қаңтарында Ауғанстан Ислам Республикасынан келген тыңдаушылар «100 кітап» жобасы аясында қазақтың атақты жазушысы М.Әуезовтің мұражай-үйінде экскурсияда болды. Экскурсия барысында тыңдаушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы қызықты ақпараттар алды. Жазушының «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы мәлімет алды. Тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырған жазушының жұмыс кабинеті мен бай кітапханасы болды. Іс-шара ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының куратор-эдвайзерлері Н.А.Нусупбаева, Г.А.Тастемирова, Н.Қ.Мәтбек, Г.Т.Тилеужанова, Г.Е.Сапаевалардың ұйымдастыруымен   өткізілді.

Басылым күні :  05.02.2019