Түйеқұс

2018 жылдың 25 қазанында АИР тыңдаушылары Еңбекшіқазақ ауданындағы ең ірі «Фауна» түйеқұс фермасын саяхатқа барды. Ферма 2005 жылдан бері қызмет жасап келеді екен. Түйеқұс – ең ірі құс түріне жатады. Бойы 2,5-3 метрге, салмағы 100-160 келіге дейін жетеді. Бұл саяхат тыңдаушылардың өмірінде естен кетпес естеліктерімен жатталып қалғаны сөзсіз.

Басылым күні :  09.01.2019