Айналаңды нұрландыр

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Мұражайтану» үйірмесінің жұмысы бойынша «ҚазҰУ-нің 75-жылдық тарихы», «Биология факультетінің», «Әл-Фараби кітапханасының» мұражайларына саяхат жасалынды. Ұзақ тарихтың куәсі болып, сыр шертетін оқу орнына, яғни 1934 жылдан бастап ашылған университетімізге, биыл 85 жыл толғалы отыр. ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде білім алып жатқан, қазақ диаспора өкілдерін,университеттің дамуымен, университетті басқарған басшылардың және осы университет қабырғасында қызмет еткен академик, профессор оқытушы құрамының еңбек жолымен толық таныстырып мәлімет беру еді. Университеттің кітапханасында, Әл-Фарабидің еңбектерімен қоса, сирек кездесетін үлкен кітап қорларына бай екендігі түсіндірілді. Бұл кітапхананың қабырғасында, «Алаш» зиялыларының 100-жылдық тарихына, «Мәңгілік ел» идеясына, «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласына байланысты құнды деректермен безендірілген, бөлімдер ашылған. Студент жастардың кітаптарды және электронды оқулықтарды тез әрі сауатты, өте жеңіл түрде пайдалану жолдары енгізіліп қойылғандығы айтылды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мұражайы – Қа­зақ­станда және әлемдік деңгейде бәсекеге қабі­летті, өз елінің мәдени-тарихи құндылықтарын бойына сіңірген, рухы мықты жанашыры - өнегелі мамандарын тәрбиелейтін университеттің ғылыми-ақпараттық, танымдық, тәрбиелік бө­лім­­шесі деуге болады.

 

Жауаптылар: Топ куратор-эдвайэерлері Смағұл М.Ж., Сандықбаева Ө.Д., Байдавлетов Ж.

Басылым күні :  09.12.2018