Мен жастарға сенемін

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Тұңғыш президент күніне арналған «Мен жастарға сенемін» атты студент жастардың VI республикалық патриоттық форумы өз мәресіне жетті.

Форум мақсаты Қазақстан болашағы үшін студент жастардың патриоттық және азаматтық жауапкершілігін арттыру. Жандану әлемі "қорының" жастар қанаты, "Жас Отан", ҚР жазушылар Одағы, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізілді.Форум 4 номинациядан тұрды: студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар «Менің елімнің дамуына қосқан инновациялық нақты үлесім»; конкурс студенттік эссе жазудан "Менің мемлекетімнің гүлденуі үшін не істей аламын?"; студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы "Мен жастарға сенемін!" ;патриоттық әндер байқауы«Мәңгілік ел – мұратым!».

Бұл дәстүрге айналған форум жылдан жылға қанатын жайып келеді. Осы форумға біздің ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетіде қатысты 9 топ тыңдаушымыз өз үлесін қосты. 9топ тыңдаушысы Исморзода Сайджафар студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар «Менің елімнің дамуына қосқан инновациялық нақты үлесім» байқауы бойынша «DURING ALUMINIUM SMELTING PROCESS» атты жобасын ағылшын тілінде қорғап, өз үлесін қосқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Буланова Т.М

 

Басылым күні :  09.12.2018