Механика-математика факультетіндегі кездесу

2017 жылдың 6 желтоқсаны күні Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық бөлімінде білім алып жатқан оралман тыңдаушылар «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында механика-математика және физика-техникалық факультеттерімен танысып қайтты.

Математика мен физика пәндерін таңдаған топтардың тыңдаушылары ҚазҰУ қалашығын, факультеттерді аралады. Механика-математика факультетінің аға оқытушысы Б.Қ. Әбенов және физика-техникалық факультеттің доцент міндетін атқарушысы Б.А.Ташев өз факультеттеріндегі мамандықтардың әрқайсысына тоқталып, жан-жақты таныстырып өтті. Екі сағатқа созылған отырыстан тыңдармандар мол әсер алып, ой түйіп қайтты.


 

Басылым күні :  05.01.2018