«Ислам Жеменей-тарихшы ,әдебиетші,ғалым» әдеби кездесу

«ҚазҰУ студенті оқуға тиісті 100 кітап» жобасының аясында «Ислам Жеменей-тарихшы ,әдебиетші,ғалым» әдеби кездесу

30.11.2017ж.Ұлықбек 36, Акт залы .14.00

 

Жауаптылар: Жаппасов Ж.Е.,Әмірханов М.Б.,Мырзабеков С.М.,Бегалиева А ,Дауытова Ж.Қ., Әбдібекова К.Ж.,Буланова Т.М.,Смағұл М.Ж.

Кешке кездесуге келген қонағымыз қазақ тарихы мен әдебиетіне үлкен үлес қосқан танымал тұлға Ислам Жеменей. Кездесуді кафедрамыздың меңгерушісі Мырзабеков Молдахмет Сейдахметұлы Ислам Жеменей мырзаны тыңдаушыларға таныстырып ашып берді.Ислам Жеменей мырза өзімен бірге өзінің досы Парсы мәдениет орталығының төрағасы Жавад мырзаны да құтты қонақ ретінде ала келген екен .Жавад мырза да Қазақстанға деген жылы лебізін,өз тілегін жеткізді.

Ислам мырза тыңдаушыларға өзінің тәрбиелік маңызы бар ойларын ортаға салды, содан соң тыңдаушылар сұрақ қойып ,сұрақтарына жауап алды. Кешімізді тыңдаушыларымыз әуелеген әнмен,күмбірлеген күймен, бимен өрбітті.Соңында Ислам мырза батасын берді.Кеш мәнді де, маңылалы,

қызықты,тәрбиелік мәні бар керемет кездесу болды.

Басылым күні :  05.01.2018