«Білім еліне саяхат»

05.02.2017 ж. сағ. 13.00әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Білім еліне саяхат»атты мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті. Ауғанстан Ислам Республикасынан Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығын аралады. Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын, университет мұражайын, Әл-Фараби кітапханасын аралап, суретке түсіп, қалашықтың мәдени орындарымен таныс болды.

Басылым күні :  16.03.2017