«Палеолитке саяхат»

08.11.2016 ж. сағат 14.00-де жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары мен қазақ диаспора топтарының ұйымдастыруымен «Палеолитке саяхат» атты іс-шара өтті. Тыңдаушылар «ҚазҰУ-дің Палеолит мұражайынан» заттай дерек көздерімен танысып, теориялық алған білімдерін практикалық сабақпен ұштастырды. Тыңдаушылар табылған мұражайға қойылған экспонаттарды көздерімен көріп қолдарымен ұстап, сол археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдардың өмірімен танысып шықты.

Басылым күні :  24.11.2016