«Қазақтың тарихы – теңдессіз тарих»

02.11.2016ж.сағ 16.00. «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында «Қазақтың тарихы – теңдессіз тарих» ғалымдар үйінде Қазақстан ғылымының тарихи мұражайына саяхат атты  іс-шара өтті. Қазақстан ғылымының тарихы мұражайын құру – Қазақстан Республикасы ғылымының тарихын жан-жақты талдап, қорыту қажеттілігінен туындапты. Бүгінгі таңда бұл мұражайда республикадағы осы тұрғыдағы мұражайлардың алғашқысы және әзірге  жалғыз мұражай болып табылады екен. Мұражай қоры 7 мыңнан астам сақтау бірлігін құрап,  оның ішінде кітаптар, ұжаттар, фотосуреттер, қолжазбалар, ғалымдардың жеке заттары және т.б. бар екен.

Басылым күні :  15.11.2016