«Шетелдік тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығында»

11.11.2016 ж. сағ. 13.00 әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қалашығында «Шетелдік тыңдаушылар ҚазҰУ қалашығында» атты мәдени-танымдық саяхат сабағы өтті. Ауғанстан Ислам Республикасынан Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушылар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қалашығын аралады. Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайын, университет мұражайын, Әл-Фараби кітапханасын аралап, суретке түсіп, қалашықтың мәдени орындарымен таныс болды.

Басылым күні :  15.11.2016