«Қазақ – қонақжай, мейрімді халық»

28.09.2016 ж. сағат 21.00-де ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы Қазақстан әуежайында «Қазақ – қонақжай, мейрімді халық» атты іс-шара ұйымдастырды. ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары Ауған Ислам Республикасынан (АИР) Қазақстанға оқу сапарымен келген тыңдаушыларды әуежайдан күтіп алды. Тыңдаушыларды орналастыруға жауапты оқытушылар АИР тыңдаушыларын №14 жатақханаға орналастыру шараларын ұйымдастырды.

Басылым күні :  17.10.2016