Кәсіби бағдар беру - Спорт және туризм академиясы

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ «Менің болашақ мамандығым» атты кәсіби бағдар беру апталығының аясында ұйымдастырылған шараға шығармашылық мамадығын таңдаған 1,2,8 топ тыңдаушылары және топ кураторлары: Г.М. Мужигова, С.А.Нусупбаева Қазақ спорт және туризм академиясының Олимпиадалық спорт факультетінің деканы Рахмет Төлембайұлы Саутов мырзамен кәсіби бағдар жұмыстары бойынша кездесуге барды. Тыңдаушылардың ҰБТ нәтижесін алып шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау мерзімі, емтихан беру мерзімі, емтиханды беруде қандай талаптар қойылады сынды сауалдарына жауап алып қайтты. Сонымен қатар факультеттер мен мамандықтардың бағыттарымен танысты. Мәселен спроттың кез-келген түрін таңдасаңыз оқу бітіргенде «Дене шынықтыру пәнінің мұғалім» және «Жаттықтырушы» мамандығын алып шығу болатын айтылды.
Сондай-ақ емтихандардың өткізу ережесі, норматив, ЖДФ бойынша БШЕ бағдарламасы бойынша, Шетел азаматты ұлтты қазақ яғни қандастарға қарастврылған жеңілдіктер жайында біршама ақпарат берді.

Басылым күні :  27.04.2023