Кәсіби бағдар беру - Абай атындағы ҚазҰПУ

Мамандық таңдау —  өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау.Ең қиын мамандық – адам болып қалу, - деп Хосе Хулиан Марти айтқандай бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУдың ЖОО дейінгі білім беру факультеті,  ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНА ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ КАФЕДРАСЫНЫҢ 7-топ тыңдаушылары "Менің болашақ мамандығым " атты кәсіби бағдар беру апталығы аясында Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті мен Қыздар педагогикалық университетіне барып танысты. Мамандық таңдау – адамның өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі, өйткені бүкіл болашақ өмір осыған байланысты. Келешекте өкінбеу үшін, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Барлық мамандықтар өте маңызды, кейбіреулері математикалық қабілеттілікті, басқалары шығармашылықты, ал үшіншілері физикалық дайындықты қажет етеді. Жақсы немесе жаман мамандықтар жоқ, сізге ұнайтын немесе ұнамайтындары ғана бар. Атақты ғұлама Әл – Фараби:Ісім оңсын десеңіз,Сол істің маманы болыңыз.Даңқым шықсын десеңіз,Көпшіліктің адамы болыңыз- демекші әр маманның адал қызметшісі болайық.

Басылым күні :  27.04.2023