«Тіл білімінің жаңа парадигмалары: теориялық және әдістемелік ізденістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың, ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті, ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында "Тіл білімінің жаңа парадигмалары:теориялық және әдістемелік ізденістер" атты халықаралық конференция өтті. Конференцияның ашылуында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің деканы, ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Суатай Сәбит Құрманжанұлы филолог ұстаздардың инновациялық, педагогикалық тәжірибелерін отандық, халықаралық жаңа мазмұнды білім беру ресурстары ретінде оқу үдерісінде жүзеге асыру, бағыттарын қарастыру, тіл мен әдебиетті оқытудың өзекті мәселелерін шешуде инновациялық іс-әрекеттердің тиімділігін арттыру, қазіргі тіл біліміндегі ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік жұмыстардың перспективалық бағыттарын анықтау, қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын дәріптеу, оқу үдерісін, тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру, кешенді тестілеу мен ҰБТ-ға дайындаудағы маңызды мәселелерді анықтау сынды конференцияның мақсаты мен міндеттеріне тоқталып кетті.

Басылым күні :  14.04.2023