Баян-Өлгей аймағының әкімі Бақытжан Дәлелұлымен кездесу

2022 жылдың 3 қарашасында жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде Баян-Өлгей аймағының әкімі Бақытжан Дәлелұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Бақытжан мырза тыңдаушыларға өзінің ақыл-кеңесін айтып,сұрақтарға жауап берді. Факультет деканы С.Қ.Суатай келген қонаққа  университет атынан сый-сияпатын табыстап,алғысын білдірді. Кездесуге жиналған қауым тыңдаушылар дайындаған  шағын концерттік бағдарламаны тамашалады. Кездесуден кейін  Бақытжан Дәлелұлы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасына барды.Ұлы ғұлама бабамыз  әл-Фарабидың рухани мұраларына арналған әл-Фараби мұражайын көріп,кітапхананың құрылымдық бөлімдерімен танысты.

Басылым күні :  04.11.2022