Алтын күз

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Республика күніне орай ұйымдастырып отырған “Алтын күз" атты мерекелік іс-шарасына Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының ОПҚ, тыңдаушылар және "Жас шебер" үйірмесі қатысып, көрме ұйымдастырды. Көрмеге түрлі қолөнер бұйымдарын шығарды. Мерекелік іс-шарада кафедраның талантты жастары өнер көрсетіп, келген қонақтарды тәнті етті. Ұйымдастырылған көрмеге университетіміз басқарма-төрағасы ректор Ж.Қ. Түймебаев мырза жоғары бағасын берді.

Басылым күні :  04.11.2022