Атамекенге қош келдіңіздер!

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде 21 қазан күні Республика күніне арналған "Атамекенге қош келдіңіздер!" атты мерекелік іс-шара өтті. Шараның мақсаты: шетелгегі қазақ диаспора өкілдерінің атажұртқа келіп, еліміздің руханиятын еселеуге қосқан үлесін көрсетіп,сол жолға биылғы шәкірттерімізді де баптап салу. Шараға М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғалымдары филология ғылымдарының докторы Г.Орда, филология ғылымдарының кандидаты Ж.Сайлауқызы, аға ғылыми қызметкері Н.Елесбай және факультет түлектері қатысты. Олар кештің маңызын арттырып,еліміздің тәуелсіздігінің мәні мен қасиеті туралы тағылымды әңгімелерін айтып,шәкірттерімізге ақ жол тіледі. Кешті ұйымдастырушы ұстаздардың бірі Ж.С.Әділханова қонақтарға алғыс айтып,сый-сияпат ұсынды.

Мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар: ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің деканы Суатай С.Қ., ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Сартаев С.А., ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік, тәрбие жұмыстарының орынбасары Тилеужанова Г.Т., және куратор-эдвайзерлер: Сандыкбаева У.Д., Адилханова Ж.С., Дауытова Ж.К., Нусупбаева С.А., Мужигова Г.М., Буланова Т.М., Ибрагимова М.Н., Саткенова Ж.Б., Касымова К.А., Габитова В.А.

Басылым күні :  22.10.2022