1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу

2020 жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері 1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

Кештің мақсаты - ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.

Қәзіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында куратор- эдвайзерлер сөз қозғап, студенттермен ақпарат алмасты. Студенттердің себепсіз сабақты қалдырмауларын, оқу дисциплинасы мен студенттің ар-намыс кодексіне бағынуларын атап өтті.

Сонымен бірге, университет және факультет деңгейінде ұят тақтасына түсіп қалмаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

               Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н.

     

Басылым күні :  28.02.2020