Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы қалалық сенбілікте

2022 жылдың 8 қазанында, Мемлекет басшысы жариялаған «Табиғатта қоқыс жоқ!» жалпыұлттық акциясы аясында өткен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің «Молекулярлық биология және генетика» кафедрасының әкімшілігі, қызметкерлері, профессор-оқытушылар құрамы, докторанттары мен студенттері жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Кафедра қызметкерлерімен бірлесе отырып, біздің студенттер «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығының маңындағы аумақты ретке келтірді.

Сенбілік қыс мезгіліне дайындық пен абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Шуақты күн мен көтеріңкі көңіл-күй кафедраға бөлінген аумақты қоқыс пен құрғақ жапырақтардан тазартуға мүмкіндік берді.

      Сенбілік өткізудің негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен табиғатты сақтаудың маңыздылығына қоғамның назарын аудару.

 

Басылым күні :  19.04.2023