КАФЕДРАДА ШАҚЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР САЙТОУ НАРУЙАНЫҢ ДӘРІСТІК КУРСЫ БАСТАЛДЫ

2022 жылдың 28 қыркүйегінен бастап биология және биотехнология факультетінің молекулалық биология және генетика кафедрасында "Шақырылған профессор" бағдарламасы аясында Жапониядан келген PhD докторы, профессор Сайтоу Наруйаның дәрістік курстары басталды.

      Профессор, PhD Сайтоу Наруйа Жапонияның Мисима қаласындағы Ұлттық Генетика Институтының жанындағы Азия геномының дао орталығының (Asia Genome Tao Center (AGTC) директоры. Факультетіміздің молекулалық биология және генетика кафедрасының базасында 2022 жылдың 28 қыркүйегі мен 25 қазаны аралығында (4 апта) «Эволюциялық генетикаға кіріспе», «Мәліметтерді биоинформатикалық талдау» атты курстардан дәрістер оқиды. Сонымен қатар, ол аудиториядан тыс уақытта факультеттің, кафедраның оқытушыларына, ғалымдарына, даокторанттары мен магистранттарына молекулалық-генетикалық зерттеулердегі биоинформатика әдістерін қолдану бойынша кеңес беріп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің қыр-сырымен тәжірибе алмасуды жоспарлап отыр.

Профессор Сайтоу Наруйаның қыркүйектің 28, 29, 30 күндері: Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік негізі ретінде ДНҚ, РНҚ және ақуыз арасындағы ақпарат ағыны (Information flow among DNA, RNA, and protein as basis of heredity and variability); Генетикалық кодқа ерекше назар аудара отырып, генетикалық зерттеулердің тарихына шолу (A perspective of history of genetic studies with special focus on genetic code); Ақуызды зерттеудің қысқаша тарихы (A brief history of protein studies) –деген тақырыптарында дәрістер оқыды. Оның осы дәрістері және аудиториядан тыс жүргізген кеңестері факультетіміздің студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды. Олар өз тарапынан белсенділік танытып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерді шешу жолдарын сұрастырды.

Басылым күні :  19.04.2023