«Заманауи жарнаманың гендерлік бейнелері мен стереотиптері: Қазақстан мен АҚШ мысалында» диссертациялық зерттеу тақырыбында өткізілген ғылыми семинар

2016 жылы 28 карашакүні философия ғылымдарының докторы, профессор А.Р. Масалимова «Мәдениеттану» мамандығының 2-курс докторанты Анель Наисбаева «Мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттеріне «Заманауи жарнаманың гендерлік бейнелері мен стереотиптері: Қазақстан мен АҚШ мысалында» тақырбында ғылыми семинар өткізді.

Семинар барысында жарнама мәдени-тарихи үдеріс факторы ретінде, жарнаманың тұтынушы мінез-құлқына және бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейнелер мен стереотиптерге ықпалы қарастырылды. Сонымен бірге, әлемге әйгілі брендтердің жарнама компаниялары көрсетілді.

Ғылыми семинар соңында студенттерге сауалнама ұсынылды. Сауалнама нәтижесі диссертациялық зерттеуде салыстырмалы талдау мақсатында пайдаланылады.

  

Басылым күні :  30.11.2016