Альджанова Нурлыхан Қожабергенқызы

Альджанова Нурлыхан Қожабергенқызы

Доцент м.а., PhD 

Email: nurlykhan.naa@gmail.com 

Teлефон: 8(727)292-57-17 (ішкі 2125)

Мекенжайы:Философии және саясаттану факультеті

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

Масанчи 39/47, УК 4, кабинет 403

 

БИОГРАФИЯ

2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де инженер-эколог мамандығы бойынша бакалариатты үздік дипломмен бітірді. 2008 жылы аталған ЖОО-да «Дінтану» мамандығы бойынша магистратура тәмамдады.

2011 жылдан бері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасында оқытушы, 2013 жылдан бері аға оқытушы, 2016 жылдан бері кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық бойынша орынбасары, 2017 жылдан бері доцент м.а. қызметтерін атқаруда,

2016 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы жетекшілігімен «Мәдениеттану» мамандығы бойынша «Қазақтардың коммуникациялық мәдениетін семиотикалық талдау» атты диссертация қорғады. Шетелдік ғылыми жетекші Комплутенсе университетінің (Испания, Мадрид қаласы) PhD докторы, профессор Асунсьон Лопез-Варела болды.

Жалпы ғылыми мақалалар саны 25, оның ішінде 2 мақала Scopus компаниясының ақпараттық базасына сәйкес халықаралық импакт-фактор журналдарында, 10 Қазақстан Республикасы Жоғары Аттестациялық Комиссиясымен бекітілген тізімдегі журналдарда, 3 шетелдік периодикалық басылымдарында жарияланған.

Common Ground Publishing (АҚШ, University of Illinois Research Park) қауымдастығы ұйымдастыруымен XII International Conference on New Directions in the Humanities конференциясында (Испания, Мадрид қаласы, 2014) “Semiotic Analysis of the Traditional Culture of Kazakhs” атты баяндамасымен, “Intergenerational Transmission of Trauma in Post-Holocaust Writing” (Испания, Мадрид қаласы, 2014), Complutense Summer program жазғы мектепте (Испания, Мадрид қаласы, 2014), Joint ESCAS-CESS Conference: Fifteenth Biennial Conference of the European Society for Central Asian Studies & Sixth Regional Conference of the Central Eurasian Studies Society халықаралық конференциясында (American University of Central Asia Central Asian Studies Institute, Bishkek, Kyrgyz Republic, 2017) қатысты.

PhD докторантура бағдарламасы аясында Комплутенсе университетінде (Испания, Мадрид қаласы) 10.06.2014 - 08.08.2014 жж. және 15.06.2015 - 15.08.2015 жж. аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Келесі ғылыми зерттек жобаларының мүшесі болды:

  • «Бар қазақ – бір қазақ: діни-мәдени аспектілері». Жоба жетекшісі Құлсариева А.Т., филос.ғ.д., профессор (2014).
  • «Қазақстанның отыз дамыған елдің қатарына кіруінің мәдениеттанулық үлгісі: өзгермелі әлемдегі интеграция және мәдениетаралық коммуникация мәселелері». Жоба жетекшісі Масалимова А.Р., филос.ғ.д., профессор (2014).

23.11.2017 – 25.11.2017 жж. аралығында British Counsil Researcher Connect “Foundation Module: Know your audience”, “Abstracts” атты модульдері бойынша курс тәмамдады. «The One Asia Community in Cross-Cultural Dialogue with Europe II» халықаралық жоба аясында Комплутенсе университетінде (Испания) 19.03.2018 ж. «Cultural features of Silk Road cities» тақырыбында дәріс оқыды. 20.03.2018-23.03.2018 жж. аралығында Asean Studies “Re-reading Southeast Asia: Multiperspectives Approaches”халықаралық конференциясында “Regionalism in the post-soviet space” атты баяндамамен спикер ретінде қатысты.

Қазақ, орыс, ағылшын тілінде сабақ береді.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

  • Діни білім беру, діни сана және тәрбие мәселелері;
  • Жаңа діни ұйымдар, олардың қазіргі қазақстандық қоғам өміріндегі рөлі;
  • Діни коммуникация аспектілері, қазақ халқы мәдени коммуникациясының семиотикалық аспектілері;
  • Қазіргі қазақстандағы діни және дінтанулық білім беру мәселелері.
 

ТАҢДАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

  • “Etiquette rules and intercultural relations in Kazakh society after independence from the Soviet Union” in Cultura. International Journal of Philosophy of Culture and Axiology (Romania) (2015). 
  • “A Semiotic Analysis of the Yurt, Clothing and Food Eating Habits in Kazakh Traditional Cultures,” in The International Journal of Critical Cultural Studies (USA), 14.1 (2015). 
  •  “Ethnic symbolic systems of Kazah Yurt,” in Bulletin of KazNU. Philosophy, Cultural Studies and Political Science Series. (Kazakhstan), 4.53 (2015).
  • “Ornament as a specific sign of non-verbal communication of ethnic groups’ in Bulletin of KazNU. Philosophy, Cultural Studies and Political Science Series. (Kazakhstan), 1.54 (2016).
  • “Semiotics of Communication in Kazakh Literature,” in Bulletin of KazNU. Philosophy, Cultural Studies and Political Science Series. (Kazakhstan), 2.55 (2016). 
 

ОҚЫТУ

Бакалавриат

  • Діни коммуникация ерекшелігі
  • Мәдениет және дін
  • Қазіргі шығыс ағымдары мен бағыттары
  • Scientific Writing
  • Діни ілім әдебиеті
  • Діндер тарихы
  • Ұлттық діндер
  • Алғашқы қауымдық діндер
  • Діни этика
  • Ғаламдық әлімдегі дін