Әлеуметтік іс-шара

«Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік іс-шарасы

2022 жылдың 15 наурыз күні сағат 15.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Байтенова Н. Ж. және исламтану мамандығының 1 курс докторанты Жорабек Ж.Г. «QAMQOR CHARITY» қоғамдық қорымен бірлесіп, «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіби бағдарлау және әлеуметтендіру бойынша «Әлеуметтік шеберхана» әлеуметтік іс-шарасын өткізді

Іс-шара №1 балалар үйінің базасында өткізілді, онда балалар мен жасөспірімдер үшін тегін мастер-класстар, қонақ кездесулері, психологпен жұмыс және кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Іс-шараға тәжірибелі еріктілер, тәжірибелі мамандар жұмылдырылды.