Жоба

Жыр жырлайық!

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-де «Айналаңды нұрландыр» инновациялық жобаларын жүзеге асыру аясында «Қобыланды» жырын жатқа оқу» этно-лингвистикалық жобасы іске қосылды. Оның қатысушылары - Филология факультетінің 1 курс студенттері мен Философия және политология факультетінің докторанттары. Жобаның мақсаты – эпос мәтіндері негізінде қазақ тілін оқытудың тиімді әдістемесіне назар аудару.

«Қобыланды» жырын жатқа оқу» жобасының алғашқы тұсаукесері 2009 жылы өтті. Оның қатысушылары домбыра тартуға машықтанып, эпостың 300 жолын жатқа білген. Осы жолғы студенттік дайындықты эксперименттік деп атауға болады, өйткені қазіргі уақытта оның музыкалық бөлігін заманауи әуендерді қолдана отырып кеңейту, сонымен қатар бағдарламаға би нөмірлерін қосуды шешім қабылданды. Фонограммалар журналистика факультетінің дыбыс жазу студиясында жазылады.

Фотосуретте: би нөмірлерінің репетициясы

Алдағы уақытта жобаның премьерасы күтілуде. «Қобыланды» жырын жатқа оқу»  бұдан былай университет студенттері үшін тұрақты дайындалып көрсетілетін жоба болады деп сенеміз.

Ә.Масалимова, З.Ержан.