Исмағаметова Зухра Нұрланқызы

ИСМАҒАМБЕТОВА ЗУХРА НҰРЛАНҚЫЗЫ

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры

Философия ғылымдарының докторы

E-mail: zuhra.ismagambetova@gmail.com, zuchra-50@mail.ru 

Teлефон: 8(727)292-57-17 (ішкі.2125) 

Мекен-жайы: Философия және саясаттану факультеті 

                        Дінтану және мәдениеттану кафедрасы

                        Масанчи 39/47, ОК 4, 403 кабинет

 

БИОГРАФИЯ

Исмағамбетова Зухра Нұрланқызы 1974 жылы Қазақ мемлекеттік университеті философия-экономика факультетін үздік бітірген, 1978-1981 жылдары ҚазМУ-нің аспиранты, 1998-2001 жылдары философия тарихы және мәдениеттану кафедрасының докторанты.

1975-1980 жылдары әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтында, 1980-1995 жылдары Алматы теміржол көлігі инженерлік институтында, 1995-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде доцент, 2007 жылдан бері дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры қызметін атқарып келеді. Жалпы жұмыс өтілі – 44 жыл, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі – 43 жыл.

200-ден астам ғылыми мақала, философия бойынша 3 монография, 5 оқулық (бірлескен автор), 10 оқу құралы, ҚР БжҒ бекіткен философия және саясаттану бойынша 2 оқулық (бірлескен автор), 10 оқу-әдістемелік құралының авторы, импакт-фактормен 4 мақаласы бар (1-Томпсон-Рейтер, 3-Скопус), мәдениеттану бойынша БММС авторы (бакалавр, магистратура, докторантура), дінтану бойынша БММС (магистратура), мәдениеттану мамандығы бойынша бакалавр, магистратура, докторантура бөлімінің 2015-2018 жж білім беру бағдарламасын үйлестіріп, әзірлеген.

Исмағамбетова З.Н. «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік оқытушысы-2010» иегері, «Үздік оқытушы - 2012» атағына ие.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ

  • Мәдени антропология
  • Мәдени зерттеу
  • Мәдениеттегі толеранттық феномені
  • Мәдениет философиясы мен посмодернизм мәдениеті
  • Мәдениеттегі сананың өзгертілген жай-күйінің феномені
  • Мәдениет және психоанализ: мәдениеттегі девиация феномені
 

ТАҢДАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

  • ХХ ғасырдағы Батыс мәдениеті философиясы. – Алматы, 2016.
  • Западная философия ХХ века. – Алматы, 2015.
  • Мәдениеттің психоаналитикалық концепциялары. – Алматы, 2015.
  • Толерантность как социокультурный феномен (Қарабаева А.Г. бірлескен автормен ). – Алматы, 2015.
  • История релятивизма в философии культуры. – Алматы, 2013.
  • Западная философия культуры. – Алматы, 2008.
 

ОҚЫТУ

РhD докторантура:

  • Мәдениаралық зерттеулердің антологиясы мен әдістемесі
  • Оңтүстік-Батыс Азия мен Африка, шығыс елдеріндегі мәдени антропология мәселелері
  • АҚШ мәдени антропологиясы
  • Мәдени-релятивизм-мәдени антропологиялық зерттеулердің, мәдениеттанулық әдіснамасы ретінде
  • Антропологиядағы әдістер мен мәселелер
  • Мәдени зерттеулердің әдіснамасы мен теориясы

Магистратура:

  • Мәдениаралық коммуникацияның мәселелері мен теориясы
  • Мәдениеттің заманауи психоаналитикалық тұжырымдамасы және адамның мінез-құлық модельдері
  • Постмодернизмдегі мәдениет философиясы

Бакалавриат:

  • Психоанализ және мәдениет
  • Мәдениет және мінез-құлық
  • Постмодернизм мәдениеті
  • Мәдениеттегі буддизм